Қартайған ата-анасын бақпаған баланы түрмеге қамау керек
Біз, қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, ата-анасын далаға тастамаған текті атаның ұрпағы едік.
Қазақ елінде жетімдер үйі, қарттар үйі, жезөкшелер үйі, түрме деген бәлелер болмаған.
Қазір жастардың бәрі оқыған, білімді шығар, бірақ өз әке-шешесін қартайғанда қарттар үйіне тапсырады.
Неге?..
Соңғы жылдары қарттар үйіне адам сыймай, қосымша қарттар үйін салып жатыр.
Сол қарттар үйінде жатқандардың 90 пайызы қазақтың қариялары.
Солардың 90 пайызының ұл-қыздары, бала-келіндері бар.
Жағдайы жоқ дейін десең, кәсіпкер байлардың, оқытушы ғалымдардың да ата-аналары қарттар үйіне тапсырып жатыр.
Бұл індет жалғаса берсе, болашақ не болмақ?!.
Еуропа елдерінде балалары ата-анасынан бөлек тұрады деп еститін едік.
Қандай шара қолдануға болады?
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ
Қартайған ата анасын бақпай қарттар үйіне тапсырған бала келінін 1 ай түрмеге жапсын.
Бала келінінің жалақысының 50 пайызын қарттар үйіне аударатын болсын.
Мемлекеттік қызметте, оқытушы болса жұмыстан шығарсын.
Ата анасын далаға тастаған азғын елге тәрбие бермей-ақ қойсын.
Ал 75 жастан ата-анасын бағып отырған келіндерге ай сайын 100 мың теңгеден жоғары жалақы төлесін.
Арнайы құрылған комиссия 75 жастан асқан қариясы бар үйлерді аралап үлкендердің жағдайын біліп отырсын.
Насыбай атқандарды аңдып штраф салғанша, штарафты қартайған ата- анасын қарттар үйіне тапсырғандарға салсын.
Басқа не істеуге болады?
Ой пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды жазыңыздар.
Жәнібек ҚОЖЫҚ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.