«Қарулы топ Маңғыстауда Халифат орнатуды көздеген»

0
784

 Қарулы топ Маңғыстау аймағына заңсыз кіріп, елде халифат орнатуды көздеген. Бірақ елге арам пиғылмен келгендердің жоспары жүзеге асқан жоқ деп хабарлайды Democrat.kz. Caspiannews.kz-ке сілтеме жасап.

Оларға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан әскерилері бірлесе жүріп, тойтарыс берді.

Бұл – Маңғыстау облысында өткен «Бірлестік” деп аталған халықаралық оқу-жаттығу сценариі. Осылайша бес елдің әскери контингенті 10 күн бойы арнайы операцияларды бірлесе жүріп орындауға машықтанды.

Атап айтқанда барлау жүргізіп, минаға қарсы қамтамасыз ету, аралық базаны, құрлықтағы және теңізде содырлардың көзін жою секілді тапсырманы орындады.

Оқу жаттығу қорытындысы бойынша 5 елдің әскері маңызды операцияларға қарсы тұруға көп тәжірибе берді.

Фото видеодан скринделіп алынды. 

@caspiannews.kz

ҚАРУЛЫ ТОП МАҢҒЫСТАУ ЖЕРІНЕ ЗАҢСЫЗ КІРІП, ХАЛИФАТ ОРНАТУДЫ КӨЗДЕГЕН Қарулы топ Маңғыстау аймағына заңсыз кіріп, елде халифат орнатуды көздеген. Бірақ елге арам пиғылмен келгендердің жоспары жүзеге асқан жоқ. Оларға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан әскерилері бірлесе жүріп, тойтарыс берді. Бұл – Маңғыстау облысында өткен «Бірлестік-деп аталған халықаралық оқу-жаттығу сценариі. Осылайша бес елдің әскери контингенті 10 күн бойы арнайы операцияларды бірлесе жүріп орындауға машықтанды. Атап айтқанда барлау жүргізіп, минаға қарсы қамтамасыз ету, аралық базаны, құрлықтағы және теңізде содырлардың көзін жою секілді тапсырманы орындады. ТОЛЫҒЫРАҚ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДА

♬ оригинальный звук — CASPIANNEWS