Қазақ қай кезде біреудің аяғына жығылды?

0
15

Бүгінде қазақтың ұлттық санасы уланып, өз дәстүріне үрке қарап, түрік, үнді пен арабтардың ұлттық дәстүрлерін бойына сіңіруде. Ата-анасының мерей тойында аяқтарына жығылып, аяғын құшақтайтын әдет пайда болды.

Бұл үнді елі үшін үлкенді сыйлаудың биік адамдық қасиеті болса, қазақ үшін қорлық.

Ертеде қазақтар кісі өлтіргендер, ауыр қылмыс жасағандар құныкердің аяғына жығылып, кешірім сұраған. Бұны «Аяққа жығылу» деп атаған.

Әрине «аяққа жығылу» деген қазақ үшін қорлық болып саналады, бірақ адам қаның төккені үшін, өлім жазасынан құтылу үшін осылай аяққа жығылуға мәжбүр болған.

«Кешірім жасап» аяққа жығылу үшін ауылдың ақсақалдарын ертіп, сәлем беріп, үлкендер нақыл сөздермен бастап:

» Алдыңа келсе, атанның құны болса да кеш»- деген алдыңызға кешірім сұрап, келіп отырмыз-деп сөз бастап, ал кінәлі адам:»Кінә менде, басымды кетсеңіз де еркіңіз»- деп аяғына жығылып, ат-шапан айыбын апарып, кешірім сұраған.»

«Үйіне келгенде үйдей дауыңды айтпа»-деп алдарына келсе,

кешірім жасаған.

Қазақтар «қызды алып қашып» келін ғып түсіргенде, «аяққа жығылып келіпті- деп айтады.

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша «аяққа жығылу» деген сөз, «адамның өзің кінәлі сезініп, басқаның алдыңда тізерлеп келіп, басын иіп, кешірім сұрауы…

Қазақ үшін иіліп сәлем салу- әдептілік, ал аяққа жығылу қорлық.

«Сөз қалыпты Пайғамбардай асылдан- жұмақты Ана табанына жасырған» дегенді естігендей, мына жігіт анасының аяғынан жұмақтың кілтін іздеп жатқандай…

Ал қазақтың батырлары мен сарбаздары үлкендерге,

ер- азаматтарға құрмет көрсетсе, басын иіп,оң қолың жүрегінің тұсына қойған…

Ал ақ жаулықты анасына риза болғанда кең құшағына кіріп,сүті аңқыған шешесін құшақтап, алғысын айтады.

Сол кезде алпыс екі тамыры жібіген ана мейірімін төгіп, ұлының маңдайынан иіскейді емес пе?

Қазақ ешкімнің қолынан сүйіп, маңдайын тигізбеген.

Бұл түріктердің салты

Ал, қазақ жігіті қыздардың алдыңда тізе бүгіп, жар болуын сұраған емес.

Міне, қазақтың тектілік осында.

Қазір қазақ жігіттері жүрелей отырып, неке жүзігін қолына ұстап қадыңдығына:

— Маған тұрмысқа шық -дейтін болыпты.

Ал тізе бүгіп неке жүзігін қолына ұстап тізерлеп беретін қалыңдығының қолына салатын европалықтар мен орыстар…

Ертеде жау шапқанда ғана, жамандықты жеткізгені үшін өзің кінәлі санап, батырлар тізесін бүгіп, кеудесіне қолың апарып:» Алдияр тақсыр! Жаман хабар әкелдім жау шапты»- деп суық хабар жеткізген…

«Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық» дейтін елдің ұрпағымыз ғой… Қазақ жауының алдында да ешқашан тізе бүкпеген…

Басқа елге күлкі болдық, ұлттық қасиет қалмады…

«Орыс болғын келсе, қазақ бол»- деп көршілес мұсылман елдері күлкі етуде…

Ананы қасиет тұтқан халықпыз.

Әлемде анаға, қызға құрметпен қарайтын ел ол тек қазақ!

Себебі қызың»қонақ» деп еркін өсірген.

Ананың атымен аталатын рулар да бар.

Ерте де қазақ әйелге қол тигізіп ұрмаған, қызды зорламаған…

Ата дәстүрін сақтаған, анаңды жақсы көрсең

ауру болса аяғын жу, жүре алмаса, арқалап тойға апар, дені сау болса Меккеге апар…

Бірге тұрсаң, таң атысымен амандасып, жағдайың сұра, құшақтап жақсы көретініңді айтсаң артық болмайды.

Ал, мынандай анасының аяғына жығылып, әлеуметтік желіге салып, елге мазақ болудың қажеті жоқ…

Енді аяққа еңкейюді қойып, аяқ уқалатын жағдайға ауыстық.

Мешітте отырып, «ата-анаға құрмет көрсету, сыйлауды үйрету «- деген желеумен аяғын уқалатады.

Қазақ бекер айтпаған » Орыс ойыңа келгенің істейді», немесе «еріккен сарт, бір жерін уқалайды — дегені рас.

Әулие бабаларымыздың айтқанының бәрі келіп жатыр.

Қазақтың салт- дәстүрі бабаларымыздың өмір сүруінің негізі болған.

Әдептілік, тәрбиесінің негізі болған.

Қазақ хан болсын, патша болсын ешқашан халыққа қарап, талтайып отырмаған.

Қазақ көпшілік жерде денесін басқаға қасытпаған, сипатпаған.

Қазақ кісіге қарап, керілмеген.

Қазақ немересіне аяғын сипатып отырып, ертегі айтпаған.

Қазақ шалқайып жатпаған.

Қазақ малдас құрып отырған.

Қоңыр салқын үйде сұлу тоқалына, тек басын уқалатқан, бірақ сырттан адам кірсе, сүйікті жары орнынан басын иіп жылыстаған.

Ал, талтайып отыратын пенде суық жүрісті сумаң қылықты иаманыз нағыз кәпір!

Ал, Жаратушының үйі деп өздері айтқандай, мешітте Ораза айында, тақта отырып жас балаларға аяғын сипатып, сақалы салбырап, имамның мына әрекеті әдепсіздік!

«Сасқан үйрек артымен жүзеді»- дегендей өзінің «30 немерем бар, жас күнімнен әкемнің аяғын уақаладым, сол әдетке айналды»- деп сақалды басымен ақталуы тіпті, ұятсыздық ,масқаралық. Бұл ар-ұяттан айырылған имансыздық.

Қазақ «Иман дегеніміз ар-ұят»- дейді. Яғни дінде имансыздардың көбеюі дінді қадір- қасиетінен айырды.

Ал, Облыстық оқу бөлімінің «аяғын уқалаған өз немерелері»- деп қорғауы да нағыз қылмыс.

Олар заңмен жазалануы керек.

Ал, Дін Басқармасы бұл туралы не айтады екен?

Ал, Еріккен сарт, үйінде қай жерін уқалатса да өзі біледі.

Салт-дәстүр қазақтың заңдары, моральдық кодексі!

Қазақтың қуанышта шашу шашады.

Осы шашудың астарында көп мән бар.

Үлкен-кіші, патша болсын енкейіп жерден шашуды жинайды…Осындай қуанышта қазақ басын иеді.

Үй иесінің келген қонаққа шашу шашқандағы мақсаты , қуанышыма ортақ бол, менің табалдырығымнан аттадың, шаңырағымды сыйла, басыңды иіп,шашуды алып, құрметімді қабыл ал»- дегені..

Райхан МАТАЕВА, этнограф.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.