Қазақ-қырғыз дауы: Екі ел адамдарының арасында тағы айтыс-тартыс басталды (ВИДЕО)
Екі-үш күннен бері Қырғызстан ТикТок әлеуметтік желісі Кенесары хан туралық тақырыпқа қатысты тартысты пікірталас алаңына айналды деп жазады Democrat.kz.
Қырғыздың бірнеше ақпарат арналары мен әлеуметтік желі парақшалары «Кенесары ханның басын алғаны үшін қазақ халқынан кешірім сұраймын» деген қырғыз баласы Қайрат Примбердиевтің сөзіне қатысты ренішке толы пікірлерін білдіруде.
Қырғыздың мемлекеттік телеарналары да тарихшыларды осы мәселеге қатысты сөйлетіп жатыр.
Қырғыз тарихшылары мен қарапайым азаматтары Қайрат Примбетовтің сөздеріне реніштерін білдіріп: «Кенесары хан Қырғыз елін шаппақ болып келді. Ресейге күші жетпей, бауырлас, көрші елге соғыс ашпақ болды.
Тарихты білмейтіндер бұрмалап, Кенесары ханның басын қырғыз батыры Ормон хан кесіп, Ресейге берген дейді. Қазақстан тарихында тарихты бұрмалайтын нәрселер жазылған. Соның кесірінен екі елдің арасындағы дау тоқтамай отыр», — деген пікір толастамай тұр.
Дәл осындай пікірді Қырғыз тарихшысы Кыяз Молдокасымов та айтады. Өз пікірінде ол: «Қазақстандағы тарих пәнінде көптеген бұрмаланған деректер бар.
Соның салдарынан жастар тарихи шындықты білмейді. Кенесары хан Қырғыздарға басқыншылықпен келген. Ауылдарды шауып, тіпті жүкті әйелдерді өлтірген. Біз өткен тарихтан сабақ алуымыз керек.
Екі ел ынтымақта болғанымыз жөн. Әлеуметтік желіде де шынайы тарихты айтуымыз керек. Қырғызстан әншісі Қайрат Примбетовтің «Кенесары хан үшін қазақтардан кешірім сұрайық деуі — тарихты дұрыс білмеуі.
Егер ол тарихты дұрыс білсе, қырғыздарға қазақтардан кешірім сұраудың еш керегі жоғын білер еді», — дегенді алға тартып «Кенесары оқиғасын» сылтау етіп, екі елдің арасына іріткі салудың керегі жоқ дейді.
Осы видеоның астындағы пікірлер «қазақ-қырғыз» айтыс-тартысының тағы басталғанын көрсетсе керек.
Екі тарап та өз шындықтарын алға тартып, екі тарап та өз шындықтарын дәлелдеуге күш салуда.
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото көрнекілік үшін.
@yryskeldi469 ОРМОН ХАН #кыргызстан