Қазаққа жәрдем еткен қырғыз азаматының атын бір көшеге беруді сұрады

0
278

«Демос» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайынұлы Жамбыл облысының әкіміне ресми хат жолдады деп хабарлайды Democrat.kz.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің атына жолданған бұл хатта: “Құрметті, Ербол Шырақпайұлы! Тарихи деректерден Сталин жендеттерінің 1930-1938 жылдары 110 мыңнан астам қазақты қуғын-сүргінге ұшыратқанын жақсы білеміз.

Атап айтқанда 25 мыңнан астам адам атылып кетті.

Сол қиын кезеңде,яғни 1930-шы жылдардағы қолдан жасалған Сталинның ашаршылық-геноциді мен зұлматынан мыңдаған қазаққа қол ұшын созып, көмек берген қырғыз халқының аяулы ұлы Жүсіп Абдрахмановқа сіз басқарып отырған Жамбыл өңірінің Қырғызстанмен шекаралас Қордай ауданынан көше атын беруіңізді өтініп сұраймын” деп жазылған.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.