Қазақстан мүфтиятын көрші ел шыж-быж етуде
Алматыдағы бір мешіттің бас имамы мешіт тазалықшысына жалақы бермей қойған. Ол бейшара бала-шағасын ашықтырмайын деп пітір-садақа жәшігіне жиналған қаражаттан там-тұмдап ақша алып тұрыпты.
«Осы қылығым дұрыс па?» деп Қырғызстанның экс-муфтиінен сұраған.
«Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген рас екен. Қырғызстанның экс-мүфтиінің ойынша, мешітті тазалаған еңбек ақысын Алматының имамы бермей қойып, күнкөріс үшін садақа жәшігінен ақша алған сыпырушының бейшара ісі ұрлық екен, ал парктегі орындық пен шамды жымқыру ұрлық емес екен.
Сонда пітір-садақа салатын жәшік киелі болғаны ма?!.. Жәшіктегі ақша тек имамға ғана тиесілі ме?!. Мешіт тазалықшысына жәшікке жиналған ақшадан неге жалақы төленбейді?!..
Қырғызстанның экс-мүфтиінің осы видеосы үшін Қазақстанның мүфтияты шыж-быж болыпты. Әрине, қырғыз экс-муфтидің пікірі үшін емес, «Алматының имамы мешіт тазалықшысының еңбек ақысын бермейді» деген сөз үшін.
«Сондықтан Қазақстанның мүфтияты қырғыздарға хабарласып видеоны өшіріп тастау үшін жанталасып жатыр» деді діни басқарма маңында жүрген құпия дереккөз.
«Екі жыл бұрын ҚМДБ «Бас мүфти Наурызбай Өтпенов араб тілін білмейді, Құранды қате оқиды» деген ақпаратты Өзбекстанның екі бірдей сайтына өшіртіп тастаған.
«Енді қазақ мүфтияты қырғыз баспасөзін қысымға алып жатыр» деді дереккөз.
Эх, біздің мүфтият Шындықтан қашып құтыла алмайтынын, Ақиқат Алланың бір сипаты екенін түсінбей өтетін болды ғой…
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.