Қазақстандықтардан кешірім сұрады

0
149

“Русское радио” барлық әлеуметтік желілердегі парақшасында жазба жариялады. Олар өз тарапынан қателік кеткенін мойындап, кешірім сұрап жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Русские перцы» таңертеңгілік шоуының эфирінде айтылған әзіл біздің тыңдаушыларымыздың, атап айтқанда Қазақстан тұрғындарының намысына тигені бізге белгілі болды. Антон Юрьев, Полина Жукова және Дима Морозов сіздің сезімдеріңізді қорлағаны үшін шын жүректен кешірім сұрайды!,”- деп жазды желідегі парақшасында.

Сондай-ақ мұндай жағдай ешқашан қайталанбауы үшін барлық күш-жігерімізді саламыз деп ақталды.

Еске салайық

Бұған дейін  «Русское радио» жүргізушілері қазақтардың көз пішінін мазақ етті. Олар тыңдаушылары жіберген «әзілге» түсініктеме берді.

Татьяна Мороз бізге хат жазды. Ол балалық шағында көзді кесу, ерінді кесу туралы естігенде, барлық нәресте көзсіз және ауызсыз туады, ал дәрігерлер кесуге мәжбүр болады деп ойлады. Оның ең басты сұрағы — қазақтарға неге соншалықты тар етіп жасайды? — деді радио жүргізушісі.

Ол Татьяна Мороздың Қазақстанда туғанын айтты. Және ол әрі қарай әзілдеуге мүмкіндік берді.

Фото интернеттен алынды.