Қазақтың батырын қорлау — қазақты қорлау емес пе?

0
107

Кеше әлгі “Еларнаның” эфирінен Бауыржан Момышұлымен байланысты бағдарлама өткен жоқ, шүкір! Шамалауымша, қазақтың марқасқа біртуарлары жайлы деректі ұрпақ санасына сіңіру үшін тек Момышұлы емес, елге белгілі біраз адамдардың суретінен беті ойылған сияқты.

Олай болса, мейлі ол Шәмші, Нұрғиса, Күләш болсын, мейлі ол Бекзат, Жақсылық болсын, кім болса да бетін ойып қалдырған суреттің өзі кез келген қазақтың намысына тиері сөзсіз. Постыма министрді ілмектеп еді біреу, хат та, “қара қағаз” да жоқ. Мейлі ғой, аман болсын!

Кеше елге белгілі бір жанды араға салып телеарна жақтан бір азамат хабарласқан. Апамнан кешірім сұрау жайлы… Бүгін тым-тырыс. “Өтті-кетті, бітті”… деп жатқан шығар мүмкін. Ол жігітті танымаймын, көрмегем, менің айтқаным мынау болды: “Апаны әбден күйіндірдіңдер, ауырттыңдар, ренжіттіңдер.

Алдына бара қалатын жағдай болса, ашуына төтеп бере аласыңдар ма? Араға адам сап отырғаның — мынау… Білесің бе, майлы жіліктің бір басын ұстап қалған екенсің, бәрі дұрыс, бірақ екінші басын топастарға емес, нағыз телемамандарға ұсынсаң мұның бірі де болмас еді.

Ештеңе мәңгілік емес қой. Түкірігін шашып күйеуі эфирде жүргелі неше жыл, жетпегені әйелі еді, қашанғы тайраңдайды, қашанғы тайраңдатасыңдар? Менің қолымнан не келеді?”. Болды. “Азаттық рухы” бейнесюжетті бүгін ұсынуға тиіс болатын. Өздері айтқан…

Бізде не нәрсе болса да, “ұлардай шулап басылады” дегенді бетперде қып алатыны әу бастан белгілі ғой. Оп-оңай боғы сұйыла салады. Орыстілді һәм орыстың журналистері ғой ол бір нәрсені бастаған соң соңына дейін тоқпақтайтын…

Бұған да ет үйренген. Апамның айтқаны мынау болды: “Бұл біреудің тапсырмасы ма, неге сонша батыл бұлар? Аруақтан сескенбегені-ай… Менен несіне кешірім сұрайды? Ата тек біздікі емес, халықтың ардақтысы, қазақтың ар-намысы!

Өзің көріп, маған оқып бердің ғой пікірлерді, көпшіліктің — қазақтың ашуына тиді, жұрттың жүйкесіне де салмақ түсті, ренжіді. Ендеше, менен емес, арна басшылары халықтан — қазақтан кешірім сұрауы керек”.

Үндемедім. Не айтам? Дұрысы сол емес пе!?. Ай, жауыздар-ай, апамды ауырттыңдар ғой, жүрегіне салмақ салдыңдар ғой! Қан қысымы бар адамға ауа райы болса — мынау, ақылсыз есуастардың тірлігі — анау.

Алла жар болып, батыр атаның рухы жебесінші.

Айгүл БОЛАТХАН, журналист.

Facebook жазбасы.

 

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.