«Қазақтың туы — көгілдірлердің туы» дейді шариғатты жақтаушы Арман Байжігітов (ВИДЕО)

0
672

ТикТок әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде шариғатты жақтаушы, Қазақстанда мұсылман мемлекетін құруды көксейтіндердің бірі Арман Байжігітов тұтас елді қорлады деп жазады Democrat.kz.

Бұл тралы танымал блогер, ұлтын шынайы сүйетін Азамат өз парақшасында әлгі видеоның жазбасын жариялап, «Азамат Байжігітов жазаға тартылсын!» деп мәлімдеді.

«Арабтың ертегісіне тойып алып, қазақтың көк туын «көгілдірлердің туы» деп оттап отыр оңбаған. Өткенде анау Қабылбек дегені қазақтың тілін жоққа шығарып еді. Соған айтып едім, «сенің дінің де, шариғатың да — бір тиын, қазақтың тілі құрдымға кететін болса» деп. Арман, саған да айтам! Қазақтың көк туына тиіспе! Қазақтың көк туы кететін болса, сенің дініңнің де, шариғатыңның да құны — көк тиын!»- деген Азамат діннің соңында жүргендерді намыссыз деп ұлтынан жерінген дүмшелердің малдан айырмашылығы жоғын кесіп айтты. 

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.