Қазақтың үш қызы Париждің көшесінде қаңғып қалған

0
1147

Франциядағы Эйфель мұнарасын көреміз деген үлкен арманмен саяхатқа аттанған қазақстандық үш қыз Париждің көшелерінде қаңғып қалған. Бұл туралы өз парақшасында Айдана хабарлады деп жазады Democrat.kz.

«Ozger Tours» туристік агенттігі арқылы 1 миллион теңгеден астам ақшаға тур билетін сатып алған үш қыз Парижге барғандарында алаяқтарға жеп болғанын аңғарған.

«Түнгі сағат 11ден асып барады. Ал біз әлі көшеде жүрміз. Туристік агенттік  брондадық деген отель ешқандай бронь жасалмағанын айтады. Туристік агенттікке хабарлассақ, «мәселені шешеміз» деді де қойды. Әлі күтіп отырмыз», -деген Айдана келесі видеосында әлі отельге жайғаспағандарын, алқаштар мен нашақорлар кезген түнгі көшенің бұрышында чемодандарын құшақтап әлі отырғанын мәлімдеді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@aiiidanakzh

Соберусь мыслями и все расскажу как есть! И выложу все переписки!

♬ оригинальный звук — aiiidanakzh