Қазақтың зиялылары бар ма, қайда олар?

0
372

Қазақ интеллигенциясының өкілдері қайда ? Қай заманда да ҚАЗАҚ сөзге тоқтаған халық ,себебі ел ішінде әр істің төрелігін айтып ,тентектерін бір сөзбен жөнге салатын ,ар — намысын алтыннан артық санайтын зиялылары болған .

Қала берді әр ауылдың ардақты ақсақалдары өз дауларын тысқа шығармай шешіп отырған .

Қазір де ел іші құр болмас халқына ақыл айта алатын асыл азаматтар ,әр өңірдің абыз ақсақалдары бар болар ,тек олар кәзіргі біздің түсініміздегі зиялы қауымға жатпайтын сияқты.

Зиялы қауым дегенде есімізге бірден атақты әртістер ,әншілер мен композиторлар, ақын — жазушылар еске түседі ,бірақ кешегі қаңтар оқиғасынан кейін билік жазықсыз жастарды түрмеге қамап қорлағап жатқанда , жала жауып қыздарды соттағанда, болмаса әскердегі масқара тәртіпсіздіктің кесірінен жастардың өлімінің көптігін көре тұра сол өздерін зиялы қауымға жатқызатындардың біреуі мәу деп арашаға бармауын қалай түсінуге болады ?

Халықтың құрметіне бөленіп ,биліктен ең сыйлы марапаттар алып жүрген зиялылар қайда ? Ең болмаса ең жоғарғы марапатқа ие болған Халық қаһармандары неге президентке әділдігін тіліп тұрып айтпайды ?

Біз, өзіміз зиялы қауым жөніндегі түсінігімізді толықтай өзгертуіміз керек .

Өздерін өздері би қылып сайлап алуды да қойғызу керек .

Қазақтың бас биін бүкіл халық сайлайтын заң шығарылсын .

Құрылтай мүшелерінде әр өңір өздері сайлайтын болсын.

Айналып келгенде ел ішінде болып жатқан өрескел тәртіпсіздікті президентке ашық айтатын бір зиялы қауым болмаса халық оны көшеге шығып айтуға мәжбүр болады, ал ол екінші қаңтарға апаратыны көрініп тұр .

Әбді Бек БИСЕНТЕГІ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.