Қажылықты міндетті санайтындар мен қажет етпейтіндер қоғамы
Қазақ қоғамы секілді түрік қоғамы да дәл қазір дін мәселесінде екі айрық жолдың бұрышында тұр. Бір тарап дінсіз ел болмайды десе, бір тарап дінсіз қоғам ғылыми тұрғыдан дамиды деген ұстанымда деп жазады Democrat.kz.
Түркияның «AYAZ» көше репортаждары атты арнасының тілшілері көше-көшені кезіп, алдынан шыққан кісілерден «ақшаң болса, қажылыққа барар ма едің?» деп сұрайды.
Халықтың берген жауаптары әртүрлі. Бір тарап «нем бар қажылықта, мен ақымақ емеспін», «ақшам болса, қарыздарымнан құтылар едім», қажылыққа емес, атажұртым Түркістанға барар едім», «Меккеге емес, басқа елдерге саяхаттар едім» деп жауап беруде.
Ал келесі тарап «әрине, ең басты арманым», «басты парызымыз», «ойланбай қажылыққа кетер едім» дейді.
Ал біз «100-200 мың доллар ақшаңыз болса, не істер едіңіз? Қажылыққа барар ма едіңіз?» деп айналамыздағы қазақ достарымыздан сұрап көрдік.
Біздің де таныстарымыздың жауаптары «Қажылықта не бар? Ондай ақшам болса, үй алып, кәсібімді ашар едім» немесе «әрине, міндетті түрде қажылық парызымды орындар едім» дегенге саятын екі түрлі болды.
100-200 мың долларыңыз болса, сіз не істер едіңіз?
Дайындаған — Ұлжан БАҚЫТ.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
@ayazmedyacom bu videoyu izleyen herkes takip ederse 1 milyon olacağız lütfen takip edin