«Кезінде бала сатқандар қазір мектепте мұғалім» дейді журналист
Танымал журналист Қымбат Досжан өзінің Instagram парақшасында анасын іздеген бельгиялық қазақ Жәнібек Савельевтің анасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«20 жыл бұрын қылмыс жасап, баланы шетелге сатқан «адамның» мектепте білім беруге құқығы бар ма? Мыңдаған долларға сатып жіберген қарагөздер түсіне кірмей ме екен? Президент «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына қол қойды», — деп жазды Қымбат Досжан.
Еске салсақ, Бельгиядан анасын іздеп келген қазақ Жәнібек Савельев жақында өзін асырап алған анасы ауырып жатқанын айтып, қазақстандықтардың көмегіне жүгінген болатын.
Фото интернеттен алынды.