«Қиын-қыстау, қилы заманда…» әні үшін кешірім сұрады
Елімізде болып жатқан түрлі апатты жағдайларда жиі қойылатын»Біргеміз» әніне байланысты Сырым Әуезхан халықтан кешірім сұрады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Әлеуметтік желілерде «әлгі «қиын-қыстау қилы заманда» деген әнді қоймаңдаршы. Сол ән қойылса, еліміздің басына күн туады», «қиын-қыстау» әнін қоймаңдаршы, сол әнді қойғаннан су тасқыны болды» деген түрлі пікірлер жазылғаны мәлім. Осыған орай әннің авторы Сырым Әуезхан арнайы видео-үндеу жолдап: «Алдағы уақытта мұнан да жақсы ән шығарамыз» деп, қалжыңмен болса да, халықтан «Біз біргеміз» әні үшін кешірім сұрады.
@syrymauyezkhan “Қиын-қыстау қилы заманда…” деген әнді айтпайтын күн көп болсын. Енді қандай ән жазамыз?@Жандарбек Булгаков