Көп балалы ана балконнан секіріп кетті

Көп балалы ана балконнан секіріп кетті
Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Оның ең кіші баласы - 1 жаста. Күйеуі басқа қалада болған. Куәгерлер екеуінің арасында ұрыс-керіс болғанын айтады. «Бала туғаннан кейінгі депрессияны жоққа шығаратындар осы оқиғаға қатысты тағы бір рет ойланса екен. Мұндай оқиға кез келген адамның басында болуы мүмкін. Аналарымызға қамқор болайық», - дейді оқиғаның куәгері. Астана қаласының полиция департаменті жағдайды растады. «Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария болмайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір балконнан секірген көп балалы ананың не тірі, не өлі екені белгісіз. Azattyq Rýhy тілшісі жауапты органдардан осы мәселені анықтап жатыр.    
Барлық жаңалықтар