Көптеген қазақ қырғыз бауырлардан кешірім сұрады

0
341

34 жасар қазақстандық блогер Айдын Түсіпов Қырғызстанның полиция бөліміне жеткізілді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы  24.kg. сайтына сілтеме жасап.

Айдын Түсіпов (суретте) әлеуметтік желіге бейәдеп сөздермен видео жүктеп таратқан. Қырғыз еліндегі “Ынтымақ” саябағында қыдырып жүрген қазақстандық блогер қырғыз қыздарына қатысты бейәдеп сөздер айтқан. Осыған байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал қырғыз блогерлері Айдын Түсіпбаевтың бұл әрекетіне наразылық танытып, “қырғыз қызының намысы- біздің намысымыз. Оны қорғау біздің парызымыз!” деп видео таратты.

Бауырлас елге қыдырып барған біздің блогердің бұл әрекетіне қатысты қырғыз ғана емес, қазақ азаматтары да наразылығын білдіруде. “Күллі түркі елдерінің ішіндегі ең жақын, бір-біріне бауырмал халық еді. Блогердің бұл тірлігі өте ұят болған екен” деске қазақстандық ТикТок әлеуметтік желісін қолданушылар қырғыз бауырларынан Айдын Түсіпов үшін кешірім сұрады.

Фото ашық дереккөзден алынды.

@ertai_iskakov

Казахстандык блогерлер Бишкектин парктарында сөгүнүп, аны видеого тартып жарыялап жатышат. Ошондой эле казинону реклама кылуу тыюуу салынган, ага карабастан жарыялап жатышат. Биздин карындаштарыбыздын намысына шек келтирүүчү сөздөр менен атап, Кыргызстанда ушундай кылса боло берет деп трансляция кылууда. Бул кылгандары үчүн мыйзам чегинде жоопкерчилик бар, видеосунун негизинде кайрылуу келтирем @guvd_bishkek чара көрүп берүүңүздөрдү. А ким бул жарандарды көрүп калса 102 чалып маалымат берип коюңуздар, жана мага да жазып коюңуздар тиешелүү жактарга айталы.

♬ оригинальный звук — ertai