“Қорғасқа” рейдерлік шабуыл жасалуы мүмкін бе?
«Қорғас» трансшекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығына рейдерлік шабуыл жасалуы мүмкін, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
Рейдерлік шабуылдың басында шенеунік Данияр Айқынбаев пен Ерсін Оразаев тұрған көрінеді. Бұл туралы Egovpress телеграм арнасындағы жазбадан белгілі болды.
Ірі инвесторлар «Қорғаста» жүздеген жұмыс орнын құрған. Енді оған шенеуніктердің көзі түсіп отырған көрінеді.
Телеграмдағы мәлімет бойынша, Айқынбаев пен Оразаев рейдерлік жолмен шекараны толық бақылауға алып, кәсіпкерлерді контрабандамен айналысуға мәжбүрлемек. Тіпті зардап шегіп отырған кәсіпкерлердің арызы да пайда болды.
Үндеуді кәсіпкерлер президент Тоқаевқа бағыттаған. Сонымен қатар, арыз президент әкімшілігіне, премьер-министр Бектеновке, бас прокурорға, қаржы министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен антикорға да жіберілген.
Кәсіпкерлер хатта олардың әрқайсы Айқынбаев пен Оразаев тарапынан қысым көретінін, олар қызметтік өкілетін асыра пайдаланып жүргенін жазған.
«Олар қоқан-лоқы көрсетіп, кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласып, инвесторларды бизнесті жүргізудің тиімсіз әдісін қолдануға итермелейді. Оразаев Айқынбаевтың басшылығымен бизнеске қамқорлық жасау үшін әрқайсымыздан жеке қомақты біржолғы ақшалай қаражатты төлеуді немесе бар және жоспарланған өнімнен ай сайынғы кірістің белгілі бір бөлігін беріп отыруды талап етті», — делінген хатта.
Хаттағы мәлімет бойынша, кейбір кәсіпкерлер жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерінен айырылып қалған. Келісімшартқа қарамастан олардың шығыны да өтелмеген.
Айта кетейік, Данияр Айқынбаев, соңғы деректор бойынша, Алматы электр станцияларының қамту бойынша басқарма төрағасының орынбасары қызметінде. Ал Ерсін Оразаев дереккөздерде «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы орталығы» АҚ төрағасы міндетін атқарушы екені жазылған.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.