Костюммен суға түскен мұғалім «көшеде қалдым» дейді (ВИДЕО)

0
281

Қапшағайда «мен — педагогпын» деп костюммен суға түскен мұғалім «көшеде қалғанын» айтты деп хабарлайды Democrat.kz.

Естеріңізде болса, жазғы демалысында Қапшағайға барған мұғалім Наргиза Дауытова үстіндегі костюммен суға түсіп, жұртты таңғалдырған. Ол өзінің осы әрекетімен қазақстандық мұғалімдерге қойылатын шектеудің тым қатты екенін білдіргісі келген екен.

ТикТок әлеуметтік желісінен парақша ашқан Наргиза «Педагог — демалыста» деген сол видеодан кейін көшеде қалдым. Ол видеоның түсірілу тарихы да бар. Жалдап тұрған пәтеріміздің иесі пәтер ақысын көтеретінін айтып, амалсыз уақытша достарымыздың үйін паналадық. Демалыс кезінде біреудің үйінде күні бойы жату ыңғайсыз», — деген Наргиза демалысында Қапшағайдағы әпкесінің үйіне барған екен.

Костюммен суға түсу видеосы да міне, сол кезде түсіріледі. Қоғамда кәдімгідей резонанс тудырған сол видео өміріне көп өзгеріс әкелгенін айтқан Наргиза бұл күнде өзінің жеке білім беру орталығын ашып алғанын айтады.

Фото видеодан скринделіп алынды.