«Көзімнің тірісінде балам мені «мама» десе екен» дейді танымал актердің анасы

0
406

Танымал актер Еркебұлан Дайыров туған анасын бүгінге дейін «тәте» деп айтып келгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Хабар» арнасында журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында туған анасымен қарым-қатынасы жайлы ой қозғады.

«Туған анама әр кез «тәте» деген сайын оның астарында «ана» деген сөз жатыр ғой. Міндетті түрде сөзбе-сөз айтудың қажеті жоқ шығар», — дейді актер.

Осы тұста журналист актердің анасымен тілдескенін, арманы туралы ойын білгенін тілге тиек етті.

«Көзімнің тірісінде баламның «мама» деген сөзін естігім келеді», — деп Аман Тасыған Еркебұлан Дайыровқа сәлемін жеткізді.

Эфирде актердің анасы тұңғыш ұлы ата-енесінің қолында өскендіктен мейірлене бауырына баса алмағанын айтып, көзіне жас алған видеосы көрсетілді.

«Ата-енем біріншісі ұл болса, бала біздікі, мүлдем ауызыңды ашпа деді. Ата-енеңе бергенге қарсы емеспін. Бірақ мынау әкең, мынау шешең деп айтқаны дұрыс. Ол ішінде қалады. Ішіндегі дүниесін әкесі қайтқанда айтты, ол естімей кетті.

Бір күн бармыз, бір күн жоқпыз. Сол сөзді (ред. – мама деген сөз) естіп кету арман ғой», — дейді Еркебұлан Дайыров туған анасы.

@khabartv

🥹💔Баламның «МАМА» деген сөзін естігім келеді 🔗 «Алғашқы» бағдарламасы. Толық нұсқа «Хабар» арнасының YouTube каналында. 📺Телехикаялар: «Бахар» / 20:00 / дс-жм «Перекрёсток» / 22:45 / дс-жм 📺Бағдарламалар: «Оян» / 7:00-9:00 / дс-жм «Әлеумет» / 12:15 / әр дүйсенбі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» / 14:00 / әр сенбі 📺Жаңалықтар: «Жаңалықтар» / 18:00-19:00 / дс-жм «7 күн» / 18:00 / әр сенбі, жексенбі

♬ оригинальный звук — Khabartv