Ксения Собчактың Бишімбаев сотына не үшін келгені белгілі болды

0
393

Қазақстанда өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына ресейлік танымал журналист Ксения Собчак келген болатын. Өзінің бұл келісін Ксения Собчак бекер емесін айтып, түсініктеме берді деп хабарлайды Democrat.kz.  ақпараттық порталы.

Ксения Собчак Қазақстанда өтіп жатқан сотқа не үшін келді деген сұраққа ол өзінің әлеуметтік желі парақшасында жазба қалдырды. Өз жазбасында Ксения Собчак Қазақстанға өте жиі келіп-кетіп тұратынын, бұл жақта өте көп достарының барын айтады. “Қазақстанға келіп жүріп үнемі байқайтын бір жағдай бар.

«Қазақстандық әйелдер бір жағынан қарасаң, өте програссивті. Мұнда әйелдер өте көп жұмыс істейді, өмірде аяқтарына тік тұру үшін бар күшін салады. Қазақстанда әйелдер бір-біріне әпке-сіңлі тұрғысынан қарайтын құбылыс та бар. Әйелдердің өзара достығы, түсіністігі секілді керемет дүниелер бар. Алайда бір жағынан қарасаң, мұнда көп әйелдерді “ұят болады” деген түсінік шектеп тастаған.

Бұл шектеу кез келген жағдайда жүргізіле береді. Көшеге қысқа көйлекпен шықтың ба, “ұят болады”. Бірнеше жігітпен кездесесің бе, “ұят болады”. Күйеуің ұрып-соқса, одан кетіп қалсаң, тағы  “ұят болады”. Қазіргі жастар мүмкіндігінше осы “ұят боладыдан” құтылғысы келеді-ақ. Алайда үлкендер жағы әзірге мүмкіндік бермей тұр.

Меніңше, Салтанат Нүкенованың басынан өткен жағдай осы “ұят болады” түсінігін тас-талқан етуі мүмкін. Бұған дейін “үндеме, ұят болады, күйеуің ұрса, үнсіз көніп жүре бер, үйдегі ұрыс-керісті сыртқа шығарма” дейтін түсінікке қазіргі Қазақстан әйелдері нүкте қойғандай көрінді.

Бүкіл қазақстандық әйел бірігіп, бір күшке айналғандай. Енді бұл елде тирандарды жазалайтын, әйелдерді қорғайтын арнайы заң бар. Қорыта айтсам, дәл қазір Қазақстанда Салтанаттың арқасында ерекше бір құбылысқа толы жағдай болып жатыр.

Меніңше, осылайша қазақ қоғамы өзіндік бір үлкен өзгерісті басынан кешіріп жатқандай. Көзім жеткені, азаматтық қоғам әрқашан да жеңіске жете алады екен» деп жазады Ксения Собчак.

Фото ашық дереккөзден алынды.