«Күйеуіңе күнің қарамасын» деген психологтың сөзі жұртты пікірталасқа түсірді

Танымал коуч Роза Әшірбаева үйде отыратын әйелдерді сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Эксперт күйеуінің табысына сеніп, табыс таппайтын әйелдерге ескерту жасады.
“Мен күйеуге тиіп, ешқашан жұмыс істемеймін” дейтін әйелдерді түсінбеймін. Сен – мақтабассың! Қазіргі кезде дағдарыс орталықтарында жүрген әйелдердің көпшілігі жұмыс істемейді. Ол не үшін дағдарыс орталығында жүр?! Өйткені, оның күйеуі оны үйден қуып жіберген кезде оны бала-шағасымен ешбір туысқаны, досы ешкім оны қабылдаған жоқ. Ешкім қабылдаған жоқ, қабылдамайды да. Сен өзіңді өзің асырай алмайсың. Осы 3 нәрсе әйелден ешқашан бас тартпайды. 3 нәрсе сені үйден қуып шықпайды. 3 нәрсе көзіңе шөп салмайды. Ол сенің өзіңнің пәтерің, сенің ақшаң және сенің жұмысың», — деді коуч.
Желі қолданушылары бірауыздан коучтың пікірін қолдап, ойын бөлісті.
“Дәл қазір күйеуге тиіп, күйеуімнің ақшасына қарап отырмын”, «Ешқашан күйеуге сеніп отырмау керек, өмірде түрлі жағдай болады”, “Әйел ақша табу керек. Бес минуттан кейін нендей нәрсе болатынына кепілдік жоқ”, “Ол кез келген уақытта өмір сүріп, бала-шағаңа ақша тауып бере алатындай болуы керек әйел”, “Пособияға, байдың ақшасына қарап, ай сайын соны күтіп отыру — жалқаулық! Өмір бар жерде өлім бар, егер ер адам қайтыс болса немесе ажырасып кетсе, болмаса еркек адам жұмысқа жарамай қалса не істейді сонда, соны ойлау керек!», — деп жазды көпшілік.
Фото интернеттен.