Құрбан айтта 9 күн демалады

0
306

Биыл Қазақстанда Құрбан айт 16 маусым деп белгіленді. Алайда ол күн жексенбі болғандықтан, қазақстандықтар тек сол күні ғана демалады. Ал Құрбан айтта 4-9 күн бойы демалып, алаңсыз мейрам тойлайтын елдер бар екен деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Көршіміз Өзбекстан Құрбан айтта 4 күн демалса, Түркия биыл бұл мерекені 9 күн тойламақ. «15 маусым арапа күні басталып, 16 маусымнан Құрбан айт мерекесі басталады. Биыл түріктер 16 маусым дүйсенбіден сәрсенбі 19 маусымға дейін ресми демалады» деп хабарлады Түркияның ресми басылымдары.

Мұнан бөлек, Түркия президенті Тайып Ердоған «19 маусымнан кейін қалаған ресми мекемелер жұмысын ақсатпай, 23 маусымға дейін демалса болады» деп парламент қабырғасында қаулы шығарды.

Демек, биыл түріктер 15 маусымнан бастап, 23 маусымға дейін Құрбан айт мерекесін тойлайды және жұмыс істемей, демалады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.