Қырғыздардан үйренеріміз бар

0
243

Қырғызстанда жеті атаға дейін туыстардың отау құруына тыйым салу заңмен бекітілмек. Бұл талап отбасы кодексінің жаңа жобасына енгізіліп, қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл туралы Democrat.kz  ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Елдің еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі некеге тұра алмайтын азаматтардың санаттарын әзірлеген. Соған сәйкес, жеті атаға дейін туыс жандар, асырап алушы мен асырандылар, жазасын өтеп жатқан сотталғандар және бір жыныстылар бір-бірімен шаңырақ көтере алмайды. Ал бұл тізімге жатпайтын жастар еш кедергісіз отбасын құра алады.

Сонымен қатар жастар үйленер алдында бір-біріне өздерінің денсаулық жағдайын хабарлауы тиіс. Ол үшін арнайы медициналық тексеруден өтеді. Жауапты ведомство оның қорытындысы құпия болып қалатынын мәлімдеді.

Жеті атадан аспай, қыз алыспау қазақ дәстүрінде де бар. Алайда елімізде мұндай заңды талап жоқ.

Фото ашық дереккөзден алынды.