Қырғызстан «Көшпенділер ойынына» дайындықты бастады

0
93

Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымалиев 2026 жылы өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетін құру туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі болып министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Әділ Байсалов тағайындалды.

Ұйымдастыру комитетінің негізгі міндеттері: VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және оны өткізу бойынша ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту; Ойындардың спорттық бөлігінің ережелері мен регламенттерін бекіту; Жоспарланған іс-шараларға сәйкес шығын сметасын жасау.

Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бұған дейін үш рет (2014, 2016, 2018) Қырғызстанда өткізілген. 2022 жылы Түркияда өтсе, ал 2024 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған. Ал келесі 2026 жылы Қырғызстан VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қайта қабылдайды.

Фото интернеттен.