Қызметін заңсыз жүзеге асырған

0
42

Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісін анықтады, — деп хабарлайды Democrat.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон қызметінің мәліметі бойынша 5 күн ішінде 46 мың көлік тексерілген, нәтижесінде 1 080 шетелдік азамат жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталды. Олардың 691-і мобильді қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, жеке тасымалмен айналысқан.

234 шетелдік азамат заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, 457 шетелдік азамат ҚР-да болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі ел аумағынан шығарылды. Олардың 103-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына орналастырылды. Сонымен қатар 38 қазақстандық шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.