Мақсат Толықбай Парламенттен кете ме?

0
274

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Парламенттен кетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Редакция дереккөздері Толықбаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалатынын хабарлайды. Толықбаев идеология бойынша жұмысқа жетекшілік етеді деп күтілуде.

Мақсат Толықбаев 36 жаста, Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2023 жылы «Аманат»партиясынан мәжілісте депутат болды. Ұзақ уақыт телевизия саласында жұмыс істеді.

Мақсат Толықбайдың туған інісі Самат Толықбай бауырының мансап жолын толығымен қайталады. Жақында ол «Хабар» телеарнасындағы «Бірақ» ток-шоуының жүргізушісі болып дауға қалған еді. Жүргізушілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелді агрессормен татуластыруға тырысқан.

Фото интернеттен алынды.