Мас имам полицейлерге «секіріп» басына пәлені өзі тілеп алған

0
714

Мас имам полицейлерге “бас имаммын” деген…“Сопровождать етіп… апарайық” деген ұсынысқа мас имам көнбеген деп жазады журналист Ораз Әлімбеков өзінің парақшасында.

«Мас болып көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалған Қостанайдың бас имамының заңға қайшы, дінге жат қылығы жөніндегі ақпарат толастар емес.

Бурабайдағы сенімді дереккөздің айтуынша, Бақытбек Тәжімбет түнгі сағат 3-те түнгі клубтың қасында патрульдік полицияның құрығына іліккенде, оның қасында бір бикеш болған екен.

Мас болған мас имамның көлік айдап алысқа ұзамайтынын түсінген полицейлер оған жаны ашып “сопровожать етіп, баратын жеріңе апарайық” деп ұсыныс айтыпты.

Оған бас әрі мас имам көнбепті. Қасындағы нәзік жандының алдында өзінің бас имамдық беделін демонстрация жасамақ болған ба, әлде полцейлердің “сопровождениесіне” тиынын қимаған ба, оның ішіне кіріп шыққан ешкім жоқ, оны бір Құдай ғана біледі,.. “мені кім деп жүрсіңдер, мен һәләм-бәләм емеспін — білдей бір облыстың бас имамымын” дегендей бәлденіп полицейлермен тіресе кеткен.

Қымбат смартфонын шығарып, әлдебір “крышасына” ызбандапты… Ол да мас имамға көмектесе алмайтынын айтқан болу керек. Сонда да мас имам полицейлердің ұсынысына көнбей, “менің қымыз ішуге қақым жоқ па” деп дау шығарған.

Текеше тіресіп райынан қайтпаған соң, ымды да, дымды да түсінбейтін имамды полицейлер көлігіне салып алып, медициналық экспертизаға, одан әрі бөлімшеге жеткізіп, әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа өткізіп жіберіпті» дейді Ораз Әлімбеков.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін алынды.