«Мәселе шешілмесе, сотта кездесеміз» дейді Жұлдыз Әбдікәрімова
Актриса, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің оқырмандарына басынан өткен жағдайын айтып, сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ешкімнің абыройын түсіргім келмеп еді. Алайда бұққан сайын, сұғып барады. Осыдан 3-4 жыл бұрын жақын адамымнан опық жедім. Оңдырмай алдап кетті. Барымды тартып алды. «Жаным, күнім» деген адамнан сатқындық көремін деп кім ойлаған? Қазір есіме түсіріп, таңқаламын. Қалайша оған жол бердім? Осынша уақыт қалай үндемей шыдап келдім. Ол уақыт мен үшін сынаққа толы күндер еді. Басымды тауға да, тасқа да соғып жүргенде алдымнан «күндей» жарық бір кісі шықты. Бәлкім, менің құтқарушым осы болар деп ойладым», — дейді Әбдікәрімова.
Оның айтуынша, ол адам іш-бауырына кіріп, сырын тыңдап, үйінен талай ас ішкен. Алайда өзінің жоспары болған.
«Қалымды сұрап, менің жағдайымды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Менің ештеңеден хабарым болмады. Жарты жыл қасымда жүріп, мендегі қымбат дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе, сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың елдің алдында онлайн өткенін талап етемін. Сотта барлығы айтылады. Оның әділ өтетініне сенемін. Ол адаммен 2 жыл телефонмен сөйлескенім іске тіркелді», — деп жазды ол.