Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті

0
23

Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланып, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми арнасы.

Биыл жеті номинация бойынша 17 адам үздік деп танылды. Жеңімпаздарға сыйлықты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтапсырды.

Алдымен Палата спикері «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары мен барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. 

– Соңғы жылдары журналистердің қызметін, сөз бостандығын қамтамасыз ету жолында көп шаруа атқарылып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының негізгі өзегі де сол. Соның бірден-бір көрінісі – осы Мәжіліс алаңы. Бүгінгі таңда БАҚ – бұл ақпаратты халыққа жеткізудің ең маңызды, объективті және жедел арнасы. Ал журналистер қауымын депутаттардың елді дамыту жолындағы нағыз одақтастары деуге болады, – деді Палата спикері.

Журналистер мен БАҚ өкілдеріне «Үздік баспа жарияланымы үшін», «Үздік телевизиялық сюжет үшін», «Үздік бейне-сурет материалы үшін», «Үздік интернет және радио материалы үшін», «Арнайы репортаж», «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін», сондай-ақ «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы номинациялары табысталды.

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми арнасы.