Мейрамбек Беспаев қандай қиындықты айтып отыр?

0
289

Былтыр Төреш бүлдіргендегі Тоқтар ағамыз құсап, бұл жолы ешкім үндемесе екен деп отырғанмын. Інілерінің «еркелігін» ақтап жексұрын болмай, тыныш отырса жақсы болар еді деп ойладым.

Ойлап үлгергенімше болмады, Мейрамбек ағамыз Қайрат інісіне «қолдау» білдіріп әлеуметтік желіге жазып үлгеріпті.

«- Басыңа түскен қиындыққа мойыма, Алла әділетті» деп біраз нәрсе жазыпты.

Жалпы Мәкең қандай қиындықты айтып тұр? Қолмен жасап алған «қиындықты» қиындық деп дабырайту ұят емес пе?

Өткен жолғы айтқанымдай, солардың өмір сүргені біреуге міндет пе?

12-13 жасар подростоктың ісін жасап, ұшақтың дәл ортасында төбелесуге ұялмай ма?

Қайрат жас емес. Оның жасында өзінен кейінгі буынға ақыл айтып, артық істері болса басып отыратын кезі емес пе?

Бұлар сол инфантил күйінде қартаймақ па?

Жас келген сайын даналыққа ұмтылмаса ертең көресіні көретіні анық қой.

Осы нәрселерді айтатын алдынғы буын ағаларының айтып отырғаны анау. Алла әділетті дей ме. Мына сөзге не күлеріңді не жыларыңды білмей қалады екенсің.

Гаухар ЖОЛМАХАНБЕТ,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.