Мектеп әжетханасына камера орнату — әдепсіздік емес пе?
Өткен оқу жылында 8 сыныпқа жетекшілік жасадым. Бір күні сабақтан бір оқушы кетіп қалған ғой. Себебін анықтайын деп ата анасына хабарлассам «менің балам мектепте әжетханаға шыға алмайды, үйге келіп шығады» деді.
Осылайда болады екен ғой дедім. Қанша түсіндіргенмен қала мәдениетінің қалыптасқан бір еркелігі деп қоя салдым.
Сол ата-анамды биыл түсіндім ғой. Көктемде Атырауда әжетханада камера орнатқан мектептен шу шыққанда. Себебі оқушылар кіретін Әлия Молдағұлова Атындағы Жоббм әжетханада камера бар екенін байқамаппыз.
Директоры Майра Мамахова, мектептерде камера қойылмау керек екені ақпаратта жазылып жатса да мән бермегеніңізге таң қалмасқа шара жоқ. Өзің білме, білгеннің айтқанын істеме деген қағида сізге арналған екен.
Майра Мамахова, кісі елдің көзінен таса жерде қажетін өтеу керек екенін ұмытқан сияқтысыз. Мен сауатсыздық дер едім. Сізде әдеп жоқ, сондықтан білгіңіз келмеді.
Бала құқығын шектедіңіз. Тазалық та, денсаулық та осы әжетханадан басталатынын білмедіңіз ба? Әжетхананың керек емес күні, керек емес жері бар ма?
Майра Мамахова жазбаны оқып шығыңыз, мен сізге әжетхана туралы аздап мәлімет берейін.
Дүниежүзілік дәретхана күні БҰҰ ресми күні ретінде 2013 жылдың 19 қарашасынан бері бар. Бұл «мейрамның» өмірге келуіне тазалықты сүйетін Оңтүстік Шығыс Азиядағы кішкентай қала мемлекет Сингапур елі септесті.
Бұл елде дәретіңізді жөнелтіп жіберуді жазатайым естен шығарып алсаңыз, 200 доллар айыппұл төлейсіз.
Егер бала уақытында әжетін өтемесе оқушының психологиясына да, денсаулыңына да әсерін тигізеді. Достарымен араласқанда, мұғалімдермен араласқанда да қиындықтарды туындатады.
Тазалық та, денсаулық та, осы «кішкентай» ғана мәселеден аттап өте алмайтындықтан оның үлкен маңызын айтқым келді.
Майра Мамахова сіз үшін бүгінгі күн дәретхана күні болсын. Бұл күнді естен шығармаңыз! Әжетханаңыздағы камераны алып тастаңыз да өзіңіз отыратын әжетханаға орнатыңыз.
Себебі ол камераны сатып алған қаржы мемлекеттің қазынасынан бөлінген қаржы болу керек. Далаға кетпесін.
Шымкент қаласының білім басқармасы, Әлия Молдағұлова атындағы №29 жоббм директоры Майра Мамахованың әрекетіне не дейсіздер?
Ал құрметті әріптестер! Сіздердің мектептеріңізде әжетханада камера орнатылған ба? Әлия Молдағұлова атындағы мектепте әжетханада камера орнатылғаны дұрыс па?
Жанар РАХИМБАЕВА, белсенді мұғалім.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.