"Ата-анадан асқан жауыз жоқ" деген мұғалім өзіне ата-аналар опасыздық жасағанын айтты

"Ата-анадан асқан жауыз жоқ" деген мұғалім өзіне ата-аналар опасыздық жасағанын айтты

Белсенді ұстаз Сыздықов Асқар ата-аналардың өзіне жасаған опасыздығы туралы айтып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Ата-анадан асқан жауыз жоқ. Бәрі емес, бірақ сондайлар көп. Мейрамға орай екі ата-анам кабинетке сыйлық тастап кетіпті маған. 

Кейін оларға хабарласып, "керек емес, басыма пәле болады" дедім. Енді проблема болып жатыр. 

Өздерінің чаттарында мұғалімге сыйлық әпергендері туралы әңгіме болады. Сол әңгіменің соңы "мұғалім ата- аналарға ақша жинатып, өзіне сыйлық алдырды" деп өңін өзгерткен. 

Енді қазір сол мәселе Білім басқармасына дейін жетіп, тексеру жұмыстары жүргізілді. Қайта басшымыз мұндайда мұғалімді қорғайтыны бар, азамат қой" деп күйінген Асқар Сыздықов әріптестеріне "не істеуге болады" деп сауал қойды. 

Барлық жаңалықтар