2026 жылғы кей мейрам басқа күндерге ауыстырылды

2026 жылғы кей мейрам басқа күндерге ауыстырылды

2026 жылы көптеген мемлекеттік мерекелер сенбі немесе жексенбі күндеріне сәйкес келеді деп жазады Democrat.kz.

Электрондық үкімет порталында Қазақстандағы 2026 жылға арналған мерекелік демалыс күндерінің ресми күнтізбесі жарияланды. Көптеген мерекелер сенбі немесе жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күндері ауыстырылады.

2026 жылға арналған күнтізбе бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар үшін 15 қосымша мерекелік демалыс күнін қарастырады:

Қаңтарда – 3 (осы күндері атап өтілетін Жаңа жыл мерекелері мен Рождество).

Наурызда – 4. 2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі, 9 наурызда демалады.

Наурыз мейрамын атап өтудің үш күнінің екеуі (21 және 22 наурыз) сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан 24 және 25 наурыз демалыс күндері болады. Осылайша, қазақстандықтар қосымша 9, 23, 24, 25 наурыз күндері демалады.

Мамырда – 4. Көктемнің соңғы айында Қазақстан халқының бірлігі күні (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр) атап өтіледі. 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді. 9 мамыр сенбіге түсетіндіктен, демалыс күні 11 мамыр (дүйсенбі) болады.

Шілдеде – 1 (Астана күні – 6 шілде).

Тамызда – 1. 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан қосымша демалыс күні дүйсенбі, 31 тамыз болады.

Қазанда – 1. 25 қазанда атап өтілетін Республика күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан қосымша демалыс күні дүйсенбі, 26 қазан болады.

Желтоқсанда – 1 (Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан).

Барлық жаңалықтар