Белгілі продюсер Баян Алагөзова жеке өміріне қатысты ел білмейтін бір шынайы оқиғасын айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Айару қызымды босанған соң, наркоздың әсерінен бе, білмеймін, сәбиіме қарап "бұл менің сәбиім емес"дедім. Басқа шешелер сияқты мен де сәбиімнің саусақтары мен басқа да дене мүшелерін түгелдеп қарап шықтым. Сәбидің түріне қарасам, шашы ақсары, кірпіктері ақшыл сары түсті, ал көздері жасыл реңді.
Шошып кеттім! Арқасына қарап, "тәңірдің таңбасын" іздедім, жоқ! Дәрігерлерді шақыртып "бұл менің қызым емес, ауыстырып қойғансыңдар" деп дау шығардым.
Қазаққа еш ұқсамайтын сәбиге қарап, ештеңе түсінер емеспін. Аппақ, қасы көзі қиылған, ерні шиедей қызыл, шашы сары, көзі көк сәби менікі болуы мүмкін емес деп дес бермеймін.
Анама хабарласып, "орыстың баласын тудым" деп айттым. Сол кезде анам "Баян, сенің өзің сондай сәби болғансың. Сенде де "тәңірдің таңбасы" көрінбеген. Тәні өте аппақ сәбиде ол таңба аса көрінбейді"деп, мені әрең жұбатып, сабама түсірген еді" деп еске алады Баян Алагөзова.
Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.