Мектеп директорлары — құдай арнайы жаратқан философтар сияқты

0
562

Осы маған мектептің директоры реактивті самолёт сияқты көрінеді. Пәленбай бала , сол баланың артында екі — екіден ата — анасы , мұғалімдер , аудандық білім бөлімі , қалалық білім бөлімі бәрі жинағанда бір директормен тікелей байланысты болды.

Солардың ырың — жырыңын көтеріп , көңілін тауып қызмет ету оңай емес . Мектептің төбесінен ұшып бара жатқан сөзді атып түсіріп , жерге дөп түсіретін, түсіргенде тура кабинетіне түсіретін реактивтік самолёт!

Тура дөп атып түсіріп алып , сөйлесіп , ашулы болса сабасына түсіріп , оппозиция болса ұнтақтап тастайтын ішіне аппарат жұтып қойған сияқты көрінеді.

Директордар — құдай өзі арнайы көктен қалап жаратқан философтар сияқты. Афинада Греция, дүниеге келгендер. Директоплар сөйлегенде , ақыл айтқанда маған Сократ тіріліп келгендей болады.

Ұлы философ былай тұрсын психологияны мықты меңгергендер. Не себепті? Не үшін? Не бүлдірген? Айтқызбай ұғатын , сұрамай білетін ғұламалар…

Директордың бәрі бірдей жөргектен туылған директор болып , маған солай көрінеді. Мектепте не болып , не қойып жатқанын жиналыста отырып біліп отырады ?!

Іштей сезетін , айтқызбай ұғатын , сөйлеспей білетін сезімтал жандар. Сондай ерекше қасиеттері басым … Бір — бір реактивтік самолёт сақтап қойғандай көрінеді…Сіздерге қалай?

Әсемгүл ӘЛДИБЕКОВА, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.