Мектеп оқушыларының төбелесі: Білім бөлімі мәлімдеме жасады

0
33

Қонаев қаласында 9-сынып оқушылары қатарласын топ болып, соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген. Оқиғаға қатысты Алматы облысының білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, оқиғаға Қонаев қаласында кіреберіс тұста болған.

«Аталған мәселе бойынша Білім бөлімі тарапынан арнайы комиссия құрылды. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция басқармасында іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгінде оқушыға психологиялық көмек көрсетілді. Жасөспірім ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы қалыпты. Оқиға Білім басқармасының бақылауында», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін журналист Гүлмира Әбіқай Қонаевтағы оқиға туралы жазған болатын.