Мектептің ішкі шаруасына кім көрінген араласпауға тиіс

0
414

Менің түсінбейтінім: дін өкілінің білім ошағына араласуы, не киетіні , кимейтіндігін айтуы дұрыспа? Біз бұл сұраққа соңғы нүктесін қойып едік қой.

Мен ата — анамын, бірақ мектеп өміріне жалпы қоғамдағы болып жатқан жайттар, жаңалықтардың бәріне қатты көңіл бөлетін жанмын. Болашақта бала- немерелеріміз көздері ашық, көкіректері ояу, жүректері патриоттық сезімге толы , парасатты адам болып қалыптасқанын қалаймын және солай тәрбиелеп жатырмын.

Қазіргі таңда осы хиджап тақырыбы басылар емес, мектептің өз ережесі тек мектеп формасымен жүру керек, сол себепті қайта — қайта хиджапты тықпалай берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бала еркін өсу керек тұншықпай, әр ата — ана, әр ұстаз мен сияқты ойлайтын шығар.

Және мектепке хиджап кірсе, біраздан кейін намаз оқитын жер керек деп шығатыны сөзсіз ғой. Бұл араби діннен басқа қаншама секталар бар теріс кеткен. Сол үшін бала болашағына алаңдауымыз керек, балаларымыз тек білім алу керек, оқу керек, тұмшаланып, етегімен жер сүйремей! Егер ата -ана баласына хиджап кигізгісі келсе медресеге берсін.Сіздер қалай ойлайсыздар құрметті ұстаздар?

Гүлпар ҚАПБАРОВА.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.