«Мен мұндай дәстүрге қарсымын!» дейді танымал кәсіпкер
Танымал кәсіпкер Марат Толибаев баланы ата-әжеге беруге болмайтынын, осындай дәстүрге қарсы екенін Тикток әлеуметтік желісінде жариялады деп жазады democracy.kz тілшісі
«Қазіргі заманда мен бұл дәстүрдің орынсыз екенін және моральдық-психологиялық тұрғыдан дұрыс емес деп ойлаймын.
Себебі баланы ата-анасынан ажырату – бұл үлкен қайғы, әсіресе анасы мен әкесі үшін және баланың өзі үшін де. Меніңше, ата-әжесінің қолында тәрбиеленген бала ата-анасынан мүлде басқа тәрбиелік және адамгершілік қағидаларды бойына сіңіреді.
Мүмкін, бұл пікірім субъективті шығар, бірақ мен көрген нәрсе – ата-әжесінің қолында өскен ересек адамдар өздерінің отбасында, яғни әке-шешесімен бірге өскен бауырларынан, әпке-қарындастарынан сәл өзгеше болып келеді.
Бұл жағдайдың тағы бір қыры бар. Ата-әжесінің қолында тәрбиеленген бала екі жағалаудың ортасында қалғандай болады – не мұнда емес, не онда емес.
Ата-әжесі ерте өмірден өтсе, бұл бала жалғыз қалады. Егер ол қайтадан ата-анасының отбасына оралса, өзін сол жерде жат сезінуі мүмкін. Бұл жатсыну адамның психологиялық күйіне жақсы әсер етпейді деп ойлаймын.
Сондықтан мен жеке өзім мұндай дәстүрге қарсымын. Ойлаймын, бұл дәстүр қазір біртіндеп жойылып келеді және болашақта мүлдем жойылады. Оны жасанды түрде сақтап қалуға тырыспау керек деп есептеймін», — дейді кәсіпкер.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.