Министр Ғани Бейсембаев кетіп, орнына Олжас Құсбеков келсе…

0
492

Оқу-Ағарту министрі Ғани Бейсембаев кетіп, орнына Олжас Құсбеков пен Жұлдыз Сүлейменова екеуінің бірі келеді-мыс депті, Оңғар Қабден…

Мойындауымыз керек, әріптестер.. Ешкімді ренжіту ойымда жоқ, бірақ аталған үшеуі де өз потенциалдарын тауысқан кадрлар…

Дәл қазір Оқу-ағарту министрлігіне популярлы емес шешімдер қабылдауға ерік-жігері жете алатын адам керек..

Өткен аптада фискалды органдардың бірінде әжептеуір қызмет атқаратын бір азаматтан «Түркістан облысы Сарыағаш, Келес, Бәйдібек, Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандық білім бөлімдерінен ₸12 млрд ұрланғаны анықталды. Өзге аудандар неге тексерілмейді?» деп сұрадым..

— Аталған аудандарда пәленбай адам жауапқа тартылса да, қайтып жатқан ақша шамалы.

Тек Мақтаарал мен Бәйдібек біраз құйды. Өзгелерінен қайтқан жоқ. Сөздің ашығы, қайтарылған ақша тексеруге кеткен шығынды да жаба алмай жатыр» деген сыңайда жауап алдым.

Қалай ойлайсыздар, егер жағдай шынымен осылай болса, өзге аудандарды тексеріп әуре болмаңдар деген пәрмен түскен жоқ па, жоғарыдан?

Дәл осы жағдайда еліміздің білім саласына жауапты Оқу-ағарту министрлігінің басшылығы түк болмағандай «Біртұтас тәрбие», «Мақсатты мектеп» деген бір қайнауы ішінде «жаңа бастамаларды» инсценировка жасап әлек..

Меніңше білім саласында реформа демей-ақ қояйын, жаңа бірдеңе енгізуді қолда бар материалдық базаны егжей-тегжейлі түгендеп алудан (инвентаризация мен аудит) бастамаса бәрі бекер..

Бөлінген қаржының бір бөлігі құмға сіңген судай ізім-қайым болғаны болған…

Мұндай жағдайда қандай «Біртұтас тәрбие»?

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.