Министр Қанат Шарлапаев жаңа тәсіл ойлап тапты

0
88

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биылдан бастап кәсіби стандарттарды жасанды интеллектіге жаздырмақ. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында министр Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Биыл жасанды интеллектіні қолдана отырып, кәсіби стандарттарды әзірлеу процесін едәуір жеңілдетіп, уақытты қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа тәсілді сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз. Жасанды интеллект 1 кәсіби стандартты әзірлеуге 10 минут уақыт жұмсайды», — дейді Шарлапаев.

Айта кетейік, бүгін біз Google корпорациясының Қазақстандағы агенті, IT Product & Project-менеджер Нұржол Табиғаттың жасанды интеллект туралы пікірін ұсынған болатынбыз.