Министрдің көзілдірігі қанша тұрады?

0
160

Жуырда журналистер Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Dior брендінің көшірме көзілдірігін тағады деген күдікті сұраққа тап болған. Бүгін үкімет кулуарында ол көзілдірігі брендтің көшірмесі екенін және ешқашан бренд киім кимегенін айтты, деп хабарлайды Аzattyq rýhy.

«Көзілдірігім Dior-дың жақсы көшірмесі, бағасы 25 мың теңге. Алған оптика дүкенінің мекен-жайын да бере аламын. Костюмді де қайдан алғанымды айта аламын», — деген Жақыповаға журналист «біздің министр сонда көшірме кие ме?» деп сұрақ қойды.

Светлана Жақыпова брендердің көшірмесін кигені үшін ұялмайтынын, байлыққа қызықпайтынын, тіпті шетелде демалмағанын ашық айтты.

«Мен әлемдік брендердің көшірмелерін кигенім үшін ұялмаймын. Бренд киім, әдемі өмірдің артынан қумаймын. Менің арым таза, мен бүкіл еңбек жолдымда тіпті ешқашан шетелде демалған емесін», — деді.