Министрге оба вирусы бар хат жолданған

0
161

Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің атына оба вирусы бар күдікті хат жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Parisien-ге сілтеме жасап.

Пакет Кот-д’Ор департаментіндегі сұрыптау орталығындағы поштадан табылды. Басылымның хабарлауынша, оған қара түсті ұсақ ұнтақ салынған.

Сарапшылар ядролық, радиологиялық, биологиялық, химиялық және жарылғыш заттар (NRBC-E) полиция бөлімшесінде табылған ұнтақты тексерді: сынақтар оба вирусын анықтады.

Кейіннен хат Пастер институтына қосымша сараптамаға жіберілді. Соңғы нәтижелер дүйсенбі күні кешке белгілі болады. Дижон прокуратурасы тергеуді бастады.