Мобильді интернет тарифтары қаншаға қымбаттайды?
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Сенат кулуарында осы тақырыпқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Қаншаға өсетінін айта алмаймын. Тағы да қайталап айтамын, біз тарифтерді реттей алмаймыз. Бізде ондай құзырет жоқ. Тиісінше операторлар тарифті қаншаға өсіретінін айта алмаймын. Бұл олардың заңды құқығы. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, олардың қызметіне араласа алмаймыз. Бізде тарифтерге қатысты бақылау жоқ», – деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.