“Моя прекрасная няня” қайтыс болды

0
129

Танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк 29 мамырда ұзақ аурудан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы хабарлама оның әлеуметтік желідегі аккаунтында пайда болды.

«Бұл жерде дұрыс сөз табу мүмкін емес және өте қиын. Бүгін түнде біздің Настя ұзақ және ауыр дерттен ақыры қайтыс болды», — делінген парақшада.

Актрисаның қызы Анна Заворотнюк қайғылы жаңалыққа қатысты былай жазды:

«Кеше түнде бізге қоңырау шалып, сенің енді «жоқ екеніңді» айтты. Анашым, сен менің өмірімде болған ең жақсы жансың. Мен сенің қызыңмын, мұны мақтан тұтамын. Менің жаным әрқашан сенімен бірге», — деп жазды марқұмның қызы әлеуметтік желіде.

2018 жылы Анастасия Заворотнюк пен мәнерлеп сырғанаушы Петр Чернышевтың қызы дүниеге келді. Екі жылдан кейін оған «глиобластома», яғни, ми ісігі диагнозы қойылды.

Фото интернеттен алынды.