«Мұғалім үйінен жейтін тамағын жұмысқа әкелсін» деді министр

0
580

Жүре берсең, көре бересің деген, білдіей Білім министрі мұғалімнің сұрағына масқара түрде жауап берген деп жазады Democrat.kz. интернет желісіндегі «КАКTUS» таратқан ақпаратқа сілтеме жасап. 

Қырғыз елінің Білім министрімен болған кездесуде мұғалім «мектепте мұғалімге тамақтанатын мүмкіндік берілсе, мұғалімдерге арнап буфет ашуға бола ма?» деп сұраған.

Бұл сұраққа министр Кендірбаева «сіз «часовик» емессіз бе? Сізге тамақ жеудің не керегі бар? Онсыз да мектепте күні бойы болмайсыз ғой?»- деп қарсы сұрақ қойды.

Өз сұрағын бекіте түсу үшін Қырғызстанның Білім министрі: «Жапон елінің мұғалімдері үйінен тамағын, шайын бірге ала келеді. Біздің де мұғалімдер үйінен жейтін тамағын жұмысқа әкелсін, онда тұрған ештеңе жоқ», — деді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.  

@kaktus.media

#кыргызстан #учителя #образование #новостикыргызстана #новости

♬ Funny video «Carmen Prelude» Arranging weakness(836530) — yo suzuki(akisai)