Мұғалім жаңажылдық корпоративке қатысуға міндетті ме?
Әлеуметтік желіде мұғалімдердің келесі бір проблемасы туралы жазба пайда болды деп жазады Democrat.kz.
Facebook-тағы «Қазақстан ұстаздары» тобында «Семейлік әріптесімізге Алла шипасын берсін. Ал енді мектеп басшылары шыршаны қойып, Жаңа Жылдық корпоративке толық келесіңдер деп қысым көрсету басталды.Сіздерде қалай? Жұмыстан соң әр адамның еркі ғой -көңіл көтере ме, демала ма!!Қалай ойлайсыздар?» деген анонимді жазба пайда болды.
Бұл сауалға қатысты жазба астына жазылған пікірлердің басым бөлігі «мүмкін емес, олай мәжбүрлеп жатқан ешкім жоқ», «аты-жөнін көрсетпей, жалған ақпарат таратып отыр», «корпоративке бару-бармау — әркімнің өз еркінде» дескен пікірлер жазылуда.
Біз де өз тарапымыздан бірнеше мектептің мұғалімінен корпоративке бару туралы сұрастырып көрдік.
«Жаңажылдық болсын, басқа да мерекелік отырыстар болсын, оған қатысу-қатыспау — мұғалімнің өз еркінде. Ешкімді ешкім мндеттеп, қинап жатқан жоқ» дегенге саятын жауап алдық.
Соған қарағанда, әлеуметтік желіде мұғалімдердің ызасына тиетін, ренжітетін осындай жазбаларды әдейі ұйымдастыратындар болғаны ма, бұл қалай?
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.