Аттестация ма, құдалық, той ма?

0
2818

Бірнеше жылдан бері мұғалімдер мен мектеп директорларының біліктілік деңгейін анықтау мақсатында аттестация өткізіліп жүр деп жазады журналист Маржан РАҚАЙ өз парақшасында.

«Әу баста-ақ күмәнді болып басталған бұл тест қазір нағыз майшелпекке айналды. Неге десеңіз, мұғалімдердің тесттен өтуінен, өте алмай қалуы ықтималдығы жоғары.

Бірақ, бірлі-жарымы болмаса, бәрі дерлік өтіп кетеді. Өйткені, осы уақытқа белгілі болған сомадағы “ставкалары” бар.

600 мыңнан басталады. Бұл ставка мұғалімнің қай дәрежені қорғайтынына байланысты өзгеріп отыратын көрінеді.

Таныс мұғалімдер сол параны беру тәсілін айтып берген еді. Бір күліп, бір жыным келіп…

Мысалы, жас мұғалімдерге ШІЛДЕХАНАҒА, одан жоғарылар, ТОЙ, ҚҰДАЛЫҚ, СЫРҒА САЛУ деген сияқты аттармен арнайы соманы саудаласады екен

Дәрігерлердің пара беруде “пәленше шар үрлеу керек” деген астыртын атауы ғой былайша айтқанда

Бұл аттестациялау мұғалімдердің айлығы көтеріле сала пайда болды емес пе? Әрі десе, оны өткізіп, бақылайтын мемлекеттік мекеме емес, арнайы тест орталығы.

Яғни, сол салада жүрген жекелеген адамдардың “бизнесі” ма дерсің

Білім саласын басқарған өте бір білікті, қулығына құрық бойламайтын әккі басшының ісі ма деген ойым бар…

Мұғалімдерді осы аттестациядан құтқару керек сияқты көрінеді. Өйткені олар жаппай жемқорлыққа бастап бара жатыр

Әйтеуір таныс іздеп, ақшасын дайындап қойып жүрген ұстаздар… Онсыз да балаларға білім беріп БІР, небір “жынды” ата-анамен тіл табысып ЕКІ, басшылығының еркелігін көтеріп ҮШ, түрлі тексерістерге тойтарып беріп ТӨРТ шаршап жүрген ұстаздарды одан әрі талауды доғару керек!

Тып-тыныш қана балаларға сабағын беріп, тәртіп пен тәрбиеге үйретіп, жоғары айлығын алып жүрсін де…» деп ойын  түйіндейді журналист.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.