«Мұғалімнің басы ешкімнің алдында иілмесін!» деген әннің авторы жұртты сүйсінтті

0
964

Әлеуметтік желіде тараған рэп жанрымен айтылған бұл ән көпшілікті сүйсінтті деп жазады Democrat.kz.

Еламан Жүсіп атты әлеуметтік желі қолданушының өз парақшасында жүктеген рэп әні қазіргі біздің мұғалімдердің жай-күйін дәл айнытпай суреттеген.

Мұғалімнің әр күн сайын мектепте көретін құқайы, жалақысының жартысынан көбі мектеп асханасы мен көрнекілік құрал жасауға кететіні, ата-аналардың тепсініп келіп, бар кінәні мұғалімге артатынын осы бір қысқа ғана ән мен видео-клипте керемет беріліпті.

«Ғалым да, шахтер де бас иген мұғалім ешкімнің алдында бастарын имесін» деп аяқталатын бұл әнге қатысты жұрт алғыс пікірлерін жаудыруда.

Фото көрнекілік үшін.

@yussyella

Аяулы ұстаздарымыз аман болсын ❤️

♬ оригинальный звук — Yelaman Yussup