«Мұғалімнің көбі — «психтар» мен жындыхананың болашақ науқастары» ма?

Қоғам белсендісі Бағлан Ескермес әлеуметтік желіде «жындыхана науқастарының көбі — ұстаздар» деген жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
«Ұстаздардың көбі зейнет жасына жетпей, дүниеден өтіп жатыр! Басы артық стресc, қағазбастылық, “срочно мен болыңдар тездің” ортасында сырғып өтіп бара жатқан өмір-ай десеңіздерші.
Әріптестеріміздің 70 пайызы давление, сахар, стресс, онкология, көздерінде көзілдірік, желкелерінде тұз (холка). Бәрін ысырып қойғанда, жындыхананың пациенттерінің көбі ұстаздар қауымы екен!
Зейнетке ерте шығару жөніндегі ойларыңыз қандай?» деп жазды Бағлан Ескермес.
Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты пікір білдірген кейбір азамат расымен де қазіргі кезде мұғалімдердің жұмысы ауыр екенін айтса, енді бір тарап бұл пікірмен келіспейтінін ашық білдіруде.
«Басқалар жетісіп жүр дейсіз бе? Кеншілер, дәрігерлер, ұшқыштар? Осы мұғалімдердің міндеті таусылмайды әйтеуір. Қатырып жатқан ештеңелеріңді көрмедік.
Баламыз жөнді білім алу үшін репетитор жалдауға мәжбүрміз. Сонда сендер не үшін жүрсіңдер?
Одан да бірден онлайн курстарға көшейік те мектепті жауып, мұғалімдерді таратып. Бәсе, неғып мұғалімдердің көбі біртүрлі десем, шеттерінен «латентный психтар» екен ғой, жындыхананың болашақ пациенттері»,
«Қара аспанды төндірмей, жұмыстарыңды ауыстырыңдар . Әуелі зейнетке шықса да кеткісі келмейтіндерді қайтесің …» деген сыңайдағы пікірлер де жазылуда.
Жоғарыда сөз болған пікірлердің әрбірімен келіспеске лаж жоқ. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Фото көрнекілік үшін.