Мұғалімнің портфолиосын алып тастасын
«Атақ сату бизнесін кім тоқтатады?» -деген жазба жариялапты Мурат Абенов деген депутат.
Неге депутат болып отыр тоқтатуға күші келмесе?
Оны неге қарапайым халықтан сұрайды?
Мұрат мырза!
Гани Бейсембаев деген досыңызға айтыңыз да, мұғалімдердің портфолиосын алдырып тастаңыз. Тест тапсырса болды.
Сонда медаль мен алғыс хат ешкімге керек болмай қалады.
Мәә, қандай логикамен мына сұрақты қойып отырсыз?
Өзіңіз қолдап жүрген Ғани ағай министр, сіз депутатсыз.
Бұндай заңсыздықтарды тоқтатуды сіздер қолға алуларыңыз керек қой.
Қарапайым халық не істейді?
Портфолио тапсыру үшін керек медаль мен алғыс хат. Олар болмаса, өткізбейді.
Мен сатып алғандарды қолдамаймын.
Оңай олжа тапқысы келгендер ,жанын қинағысы келмегендер сатып ала салады.
Тоқтатудың басты жолы, портфолионы алып тастау. Болды. Басқа жол жоқ.
Сіздер тоқтата алмасаңыздар, қарапайым халық қалай тоқтатады?
Мен өз басым бір атақты сатып алмаймын. Маған керек емес.
Елдің бәрі бірдей емес қой.
Авторлық бағдарлама да сатылады. Портфолионы алып тастаса, оны да сататындарға ақша түспей қалады.
Айтпақшы, мына тақырыпты Аятжан Ахметжанұлы баяғыда көтеріп тастаған.
Депутат мырза енді оянып отыр екен.
Айман САҒИДУЛЛА, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.